Қазақстанда арнайы техника, көпір және шойын құю өндірісі зауыты іске қосылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда арнайы техника, көпір және шойын құю өндірісі зауыты іске қосылады

444

Smiley face

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, "КАМАЗ" ӨАҚ Бас директоры С. Когогин, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов және "ҚДБ - Лизинг" АҚ Басқарма төрағасы Н. Байбазаров Қазақстан аумағында жүк көліктеріне арналған бас көпірлер мен шойын құймаларды өндіру жөніндегі жобаларды іске асыру жөніндегі келісімге қол қойды.

Жоғарыда көрсетілген жобаларды жүзеге асыру Қазақстан нарығына әлемдік негізгі автокомпонент өндірушілерді тарту арқылы қазақстандық автоөнеркәсіптің автокомпоненттік базасын дамытудағы бірінші және стратегиялық маңызды қадамдар болып табылады.

Келісімді жүзеге асыру аясында арнайы техника, көпір және шойын құю зауыттарын құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ҚР-да аналогы жоқ техникалық персоналдың құзыретін дамыту, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта мамандандыру бойынша Инжинирингтік орталық ұйымдастырылады. Инжинирингтік орталық Қазақстанның түрлі салалары үшін жоғары деңгейдегі мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

Келісім Қазақстан аумағында Көпірлер мен құймалардың қазіргі заманғы жоғары технологиялық өндірісін құруға бағытталған. Бұл ретте экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік әлемдік стандарттарға жауап беретін технологиялар пайдаланылатын болады.Зауыттарда өндірілетін өнім 100 процент экспортқа бағдарланған болады және нәтижесінде Ресей, ТМД елдерінің барлық өңірлерін қамтитын жаһандық әлемдік тізбекке, сондай-ақ немістің Daimler AG концерніне түсетінін айта кету керек. 2018 жылы неміс концерні компанияның акционерлері болды. 

Келісімді іске асыру барысында 2, 5 мыңнан астам жаңа жоғары білікті жұмыс орны ашылады.


Көзі: yunews.kz