Алматыда қоғамдық көлік жолағында жүргені үшін 400-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда қоғамдық көлік жолағында жүргені үшін 400-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды

444

Smiley face

Алматыда қоғамдық көлік жолағында жүргені үшін 400-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Бұған дейін қоғамдық көлік қозғалысына арналған жолаққа шығатын жүргізушілер тарапынан бұзушылықтарды анықтау жүйесі енгізілді.

"Жолақ" жүйесінің борттық кешендері, ол 100 камераны қамтитын 50 кешен қалалық қоғамдық көлікте орнатылған және ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеу мақсатында фото және бейне ақпараттарды жинауға, сондай - ақ бөлінген жолақта қоғамдық көліктің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге арналған", - деп хабарлады полиция баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 406 жүргізуші айыппұлға тартылды. Айыппұл сомасы 2 миллион теңгені құрады.


Көзі: yunews.kz