Қарағанды облысында жылу беру маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға 250 млн теңгеден астам қаржы қайтарылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысында жылу беру маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға 250 млн теңгеден астам қаржы қайтарылады

444

Smiley face

Қарағанды облысында қызмет көрсетушілер өткен жылыту маусымында тұтынушылар артық төлеген ақшаны қайтаруға тиіс, деп хабарлайды Қарағанды облысының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Департаменті.

Монополияға қарсы ведомствода сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердің құнын қайта есептеді.

Облыстық Департаменттің мәліметтері бойынша 2018-2019 жылыту кезеңі үшін қайта есептеудің жалпы сомасы ҚҚС қоса 251 492,53 мың теңгені құрады.

Барлық қызмет көрсетушілер халыққа қайтаруы тиіс:

"СПТВС" ЖШС-10 938,08 мың теңге;

"СуЖылу Транс" КМК-4 248,77 мың теңге;

"ҚарағандыЖылуСбыт" ЖШС-76 932,1 мың теңге;

"Оқжетпес-Т" ЖШС-144 503,19 мың теңге;

"Жылумен жабдықтау кәсіпорны" ақ-8 467,89 мың теңге;

"Абайлықжылужүйелері" ЖШС-6 402,50 мың теңге.


Көзі: yunews.kz