Қазақстанның көмір компаниялары алдағы жылыту маусымына дайын - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанның көмір компаниялары алдағы жылыту маусымына дайын

444

Smiley face

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде алдағы жылыту маусымына дайындық және коммуналдық тұрмыстық сектор мен халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша көмір өндіруші кәсіпорындардың өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті.

Компаниялар жылу беру маусымына толық дайын екендіктерін атап өтті, 2019 жылдың соңына дейін баға өткен жылдың деңгейінде қалатынын және көмірді халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне сай тиеу барысы нақты тиеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылатынын баяндады.

Министрлік көмір компанияларына жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2019 жылдың шілдесінен бастап коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін және халықтың қажеттіліктері үшін көмір дайындау жұмыстарын жандандыру бойынша ұсыныстар берді.


Көзі: yunews.kz