Шенеунік жеке тұлғаны параға мәжбүрледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шенеунік жеке тұлғаны параға мәжбүрледі

444

Smiley face

Мемлекеттік мекеменің басшысы алаяқтық және пара беруге арандатушылық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті.

"Кентау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысы Ж. Ерубаев алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жеке компания өкілін Кентау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды адамдарына 200 мың теңге пара беруге арандатқан. Оның орнына жылжымалы сауда павильонын салу үшін алаң ұсынуға уәде берді.

12 шілде күні Кентау аудандық сотының үкімімен Ерубаев 4 млн.тенге айыппұл салынды. Тәртіп бұзушы бір ай ішінде айыппұл төлеуі тиіс, әйтпесе жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сотталған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.


Көзі: yunews.kz