Европа Арал өңіріне көмектеседі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Европа Арал өңіріне көмектеседі

444

Smiley face

Еуроодақ Өзбекстандағы Арал өңірі үшін адам қауіпсіздігі жөніндегі Траст қоры жобаларын жүзеге асыру үшін 5 миллион еуро бөлді, деп хабарлайды РИА Новости.

2018 жылдың қараша айында Нью-Йоркте БҰҰ қамқорлығымен құрылған Арал өңірі үшін адам қауіпсіздігі жөніндегі көп әріптестік Траст қорын іске қосу рәсімі өтті. Қор құрудың бастамашысы – Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев.

«Осы қор аясында жобаларды қаржыландыру үшін 5 миллион еуро бөлу туралы шешім қабылданды», - делінген ведомство сайтында. СІМ мәліметінше, еуропалық дипломат ЕО-ның Траст қорын қолдауға деген қызығушылығын атап өтті.

Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің мәліметінше, қор бес жыл ішінде жұмыс орындарын ұлғайту, 2 миллионнан астам адам тұратын апат аймағындағы әлеуметтік және табиғи жағдайларды жақсарту үшін 123,2 миллион доллар тартуды жоспарлап отыр.

Өзбекстан үкіметі қорға 6,5 миллион доллар көлемінде бірінші транш аударды. Сәуір айында Норвегия 1,2 миллион доллар бөле отырып, қордың алғашқы шетелдік доноры болды. Қаражат бөлу туралы келісімге Жапония, Оңтүстік Корея, Германия және Швейцария үкіметтерімен қол жеткізілді.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан Арал теңізі 1960 жылға дейін әлемдегі аумағы жағынан ең ірі төртінші көл болды. Соңғы 55 жылда теңіз алаңы үш есеге қысқарды, су деңгейі 29 метрге төмендеді, теңіздегі су көлемі 15 есеге азайды, оның тұздануы ұлғайды, балықтар жоғалып кетті.


Көзі: Yunews.kz