Мемлекеттік басқарушыларға қойылатын талаптарды күшейту керек – Тоқаев Жайылғановаға нұсқау берді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мемлекеттік басқарушыларға қойылатын талаптарды күшейту керек – Тоқаев Жайылғановаға нұсқау берді

444

Smiley face

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанованы қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттіктің ағымдағы қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы хабар берілдіі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова «Президенттік кадр резервін» қалыптастыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді одан әрі электрондық форматқа көшіру жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Мемлекет басшысы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мен мемлекеттік басқарушыларға қойылатын талаптарды күшейтуді көздейтін мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін атап айтты.


Көзі: Yunews.kz