Түркістан облысында апатқа ұшыраған бес адам көз жұмды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістан облысында апатқа ұшыраған бес адам көз жұмды

444

Smiley face

«Шымкент-Жібек жолы» автожолында аса ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды. Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Мерседес» маркалы шағын автобус алдында келе жатқан «КАМАЗ» көлігімен соғылған.

«Оқиға орнында болған апат салдарынан жолаушылар шағын автобусында болған 5 адам қаза тапты. «Мерседес» жүргізушісі мен оның 6 жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек Қазығұрт полиция бөлімінің Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелген»,  деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Көзі: Yunews.kz