Солтүстік Қазақстан облысында 9 жасар бала мен оның атасы жасанды су айдынында суға батып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Солтүстік Қазақстан облысында 9 жасар бала мен оның атасы жасанды су айдынында суға батып кетті

444

Smiley face

 Төтенше жағдай «Простоквашино» демалыс базасының аумағында орын алды. Шатырлардан бірнеше метр қашықтықта жасанды су айдыны орналасқан. Әкімшіліктің айтуынша, ол әдемілік үшін жасалған және шомылуға арналмаған.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінде 60 жастағы зейнеткер мен оның 2010 жылы туылған немересі үйден серуенге шығып, бірақ ұзақ уақыт қайтып келмегенін атап өтті. Содан кейін оларды баланың анасы іздестіре бастаған. Олардың жеке заттары мен ұялы телефонын ол тоған аумағынан тапқан.

Сағат 22.30-да құтқарушылар пультіне қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері де шықты. Қаза болғандардың мәйітін Жедел-құтқару жасағы қызметкерлері келесі күні таңертең судан алып шықты.

Ыстық күндерге байланысты ТЖД мамандары тұрғындарды суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды, бұл үшін бөлінген орындарда ғана шомылуды және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Айта кету керек, Петропавлда екі суда ғана ресми түрде суға шомылуға рұқсат берілген. Бұл Есіл өзенінің жағасындағы қалалық жағажай және Пестрое көлінің жағалауы. Жыл басынан бері өңірдегі су айдындарында 13 адам қаза тапты.


Көзі: Yunews.kz