Көршілер машинаны неге өртейді? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Көршілер машинаны неге өртейді?

444

Smiley face

16 шілде күні 01-23-де полицияға Қарағанды облысы Шахан кентінің 32 жастағы тұрғынынан арыз келіп түскен. Кент аулаларының бірінде тұрған «Мерседес-бенц» автомашинасын белгісіз біреу қасақана өртеп, оған 1 800 000 теңге залал келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай 33 жасар ауыл тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде (бөтеннің мүлкін қасақана жою).


Көзі: Yunews.kz