Алматы халықаралық әуежайы: әуе айлағы штаттық режимде жұмыс істейді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы халықаралық әуежайы: әуе айлағы штаттық режимде жұмыс істейді

444

Smiley face

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі кейбір рейстер неге кешірек уақытқа ауысатынын түсіндірді.

«16 шілдеде Алматы халықаралық әуежайынан рейстердің кешігуіне байланысты әуе айлағы штаттық режимде жұмыс істейді, рейстерді ауыстыру туралы шешімдер авиакомпанияларға толығымен байланысты. Рейстер ұшу құрамы жетіспеуіне байланысты, техникалық себептер бойынша және резервтік экипаждың күтілуіне байланысты кешірек уақытқа ауыстырылады.

Оның ішінде бүгін келесі рейстер ауыстырылды:

КС 853 Алматы-Нұр-Сұлтан а/к Air Astana а/к 13.50-ден 14.30-ға ұшу құрамы жетіспеуіне байланысты;

КС 915 Алматы-Анталья а/к AirAstana 09.45 дан 16.50 техникалық себепке байланысты;

КС 995 Алматы-Нұр-Сұлтан А/к Air Astana а/к 17.45-тен 22.00-ге техникалық себепке байланысты;

Алматы - Санья а/к Scat рейсі 17 шілде күні сағат 21.00 - ден 02.00-ге дейін ұшу құрамы кеш келуіне байланысты», - делінген Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.


Көзі: Yunews.kz