«Нұр-Сұлтан – Қарағанды» автожолында жүк көлігінің жүргізушісі көлік инспекторларын қағып кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Нұр-Сұлтан – Қарағанды» автожолында жүк көлігінің жүргізушісі көлік инспекторларын қағып кетті

444

Smiley face

16 шілдеде жылжымалы көліктік бақылау бекетінің қызметкерлері «Нұр-Сұлтан – Қарағанды» автожолында кезекшілік етіп тұрған. Кезекшілік кезінде төтенше жағдай орын алды. «HOWO» маркалы көлік құралының жүргізушісі қызметкерлердің бірінші белгісі бойынша тоқтамаған. Жол қозғалысы ережесін бұзып, екі көлік бақылау бекетінің инспекторын қағып кеткен.

Төтенше оқиға орнына Көлік комитетінің мамандары, жол полициясының қызметкерлері және жедел жәрдем мамандары келді. Зардап шеккен көлік инспекторлары ауруханаға жатқызылды.

Жүк тиелген автомобильдің салмағы рұқсат етілген массадан 20 тоннаға артық болған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда: жүк көлігі жүргізушісінің көліктік бақылау инспекторларына бағынбауы, көліктік бақылау бекеті қызметкерлерін басу, жүріп келе жатқан көлікпен соқтығысу және артық жүк тиеу.

ҚР Көлік комитеті 2019 жылғы 21 мамырдан 31 тамызға дейін «Назар аударыңыз, ауыр салмақты көлік!» акциясын өткізуде. Акция барысында республика жолдарында ауыр салмақты көліктердің жүруіне бақылау күшейтілді. Жол бұзылуының негізгі факторы салмақ параметрлерінен асып кететін автокөлік құралдарының жүріп өтуі болып табылады. Басым көпшілігінде бұл тиеу карьерлерде және инертті материалдар жинағыштарында жүзеге асырылатын Қытай өндірісінің өзі аударғыштары.

Сонымен қатар, автожолдардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді арттыру мақсатында Көлік комитеті 2019 жылғы 27 сәуірден бастап жалпы пайдаланымдағы жолдар бойынша инертті жүктерді тасымалдайтын ауыр салмақты өзі аударғыштардың жүріп өту фактілері бойынша +77080880800 нөмірі бойынша Ахуалдық орталықтың мессенджеріне «Whatsapp» желісімен бейнекөріністер қабылдау акциясын бастады. Комитеттің аумақтық органдары келіп түскен барлық бейнетүсірілім бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдайды, деп хабарлады ҚР МИИР Көлік комитетінің баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz