Мен Қазақстаннан! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мен Қазақстаннан!

444

Smiley face

Қазақстанның бейне блогерлері үшін "I ' mfromQazaqstan"байқауы басталды.

"Бұл орын сен үшін нені білдіреді және неге оған бару керек екенін айт. Қатысушы ретінде тіркеліңіз және өз бейнеңізді бізге жіберіңіз. Сіздің жұмысыңызды әлемнің танымал блогерлері бағалайды, ал басты жүлде ретінде 1 000 000 теңге ойнатылады!",- делінген конкурс сайтында.

Сондай-ақ, екінші және үшінші орын алғандар тиісінше 500 және 300 мың теңге ала алады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, қазақ тілді блогерларге, әлеуметтік тақырыптар мен қоғамның мәселелерін ашатын блогерлерге, шағын қалалар мен ауылдардан келген блогерлерге және білім беру және танымдық контентті жасайтындарға ерекше көңіл бөлінеді. Толығырақ және конкурсқа қатысу шарттарын мына жерден қараңыз: openqazaqstan.kz

Байқау ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізіледі.


Көзі: yunews.kz