Төлеген Байтүкеновтың «Саташ» вестерні Үндістандағы кинофестивальге қатысады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Төлеген Байтүкеновтың «Саташ» вестерні Үндістандағы кинофестивальге қатысады

444

Smiley face

«Саташ» көркем фильмі 2019 жылдың 18-21 шілде аралығында Үндістанның бірнеше қаласында, фестиваль орталығы Дели қаласында өтетін «JagranFilmFestival» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген, деп хабарлады Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

«Саташ» алыс ауылда тұратын және оның туған ауылын басып алған бандитпен жалғыз айқасқан адал полицейдің тарихын баяндайды. Жағдай бақылаудан шығып, бандиттер бейбіт азаматтарға зорлық-зомбылықты қолданғанда, фильмнің басты кейіпкері, учаскелік инспектор Саташ (актер Ақылхан Алмасов) бандаға қарсы тұра алады және ол өз борышын соңына дейін орындайды.

«Біздің фильміміз әлемнің әртүрлі бөліктерінде пікір тудырып жатқаны қуантады. Демек, біз жан-жақты адами мәселелерді қозғай алдық», деп өз әсерімен бөлісті режиссер Төлеген Байтүкенов.

«JagranFilmFestival» жақсы фильмдер өз аудиториясын табуға мүмкіндік беретін кино бағалаушылар үшін байланыс орталығын және платформаны құруды мақсат етіп қояды. Бұл фестивальдің ерекшелігі – ол көшпенді фестиваль болып саналады және бір жылда бірнеше қаланы қамтуға үлгереді.  Мысалы, өткен жылы фестиваль бағдарламасы Үндістанның 18 қаласында көрсетілді.


Көзі: yunews.kz