Жалған шарттарды жасағаны үшін сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жалған шарттарды жасағаны үшін сотталды

444

Smiley face

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК облыстық филиалының директоры А. Байболов бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Агенттігінің  Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

А. Байболов жалған компаниялармен мемлекеттік сатып алу туралы жалған келісім-шарттар жасау, сондай-ақ болмаған іссапар шығындарын төлеу арқылы бюджет қаражатын жымқырған.

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен А.Байболов 3 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды.


Көзі: yunews.kz