Күтпеген олжа Австралияда әбігер тудырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Күтпеген олжа Австралияда әбігер тудырды

444

Smiley face

Австралия жағажайынан кеме бортынан 50 жыл бұрын тасталған шөлмектегі хат табылды, деп хабарлайды РИА Новости. Күтпеген олжаны балық аулау кезінде Эйр түбегінің жағалауындағы австралиялық Эллиот отбасы тапты.

«Менің есімім Пол Гилмор, мен 13 жастамын. Мен Англиядан Мельбурнға Австралияға барамын», - делінген хатта. Бұл хатты 1969 жылы Австралияға мигранттарды тасымалдаған кемеде болған Британдық бала жазған.

Эллиот отбасы хаттың авторын іздестіруді бастады. Іздеу жұмыстарына әлеуметтік желілер мен журналистер қосылды.


Көзі: Yunews.kz