Өзбекстанның ондаған азаматы неден уланды? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өзбекстанның ондаған азаматы неден уланды?

444

Smiley face

Өзбекстанның 50 азаматы Самар облысында жеңіл және орташа дәрежедегі улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды РИА Новости.

Алдын ала мәлімет бойынша, биыл Өзбекстанның 60 азаматы Ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысу үшін Самара облысы Сызран ауданы Кошелевка ауылына келген.

«Олар Сызран ауданында жеке тұрғын үйде тұрып, өз бетінше тамақ дайындаған. 16-17 шілдеде 46 ер адам улану белгісімен ауруханаға жатқызылды, қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, ауыр емес және ауырлығы орташа дәрежеде денсаулыққа зиян келтірілген», делінген ресми хабарламада.

Адамдардың жаппай улану дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Көзі: Yunews.kz