Чернобыль АЭС-інде 2 мың килограмнан астам сұйық радиоактивті қалдықтар сәтті өңделді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Чернобыль АЭС-інде 2 мың килограмнан астам сұйық радиоактивті қалдықтар сәтті өңделді

444

Smiley face

Чернобыль АЭС-інде сұйық ядролық қалдықтарды өңдеу зауыты өз жұмысын бастады, деп хабарлады РИА Новости.

«Чернобыль АЭС» өнеркәсіптік алаңында орналасқан сұйық радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу зауытын пайдаланудың бірінші аптасында 2755 килограмм сұйық радиоактивті қалдықтар табысты өңделді», делінген Facebook парағында.

Чернобыль АЭС мамандарының айтуынша, сұйық қалдықтар қайта өңдеу барысында бірнеше сатыдан өтіп, цементтеу арқылы қатты радиоактивті қалдықтарға айналады. Радиациялық бақылау жүргізілгеннен кейін олар көмуге жіберіледі.


Көзі: Yunews.kz