Гюльчатай, бетінді аш! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Гюльчатай, бетінді аш!

444

Smiley face

Полиция планшеттеріне адамдарды тану модульдерін орнату жоспарлануда.Бұл функция жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторларға қолжетімді болады, деп хабарлайды Алматы қ. ПД баспасөз қызметі.

"Жұмыс тетігі мынадай: полицейлердің жұмыс планшеттеріне тұлғаны тану модулі енгізілуде. Оны пайдалану келесі функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді: адамдарды нақты уақыт режимінде сәйкестендіру, оны тексеру, мысалы, қандай да бір қылмыстарға қатысу, іздестірудегі адамдар мен танылмаған мәйіттерді сәйкестендіру, дерекнама жинаумен оқиғалар мұрағаты бойынша бейнематериалдарды талдау . Жаңа жаңалық қылмыстық істерді тергеу және қылмыскерлерді іздестіру бойынша жедел жұмыстарды жақсартуға, сондай - ақ тұлғалардың құқық бұзушылыққа қатыстылығын анықтау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі полиция подполковнигі Салтанат Азирбек.


Көзі: yunews.kz