Семейде ұлдары әкелерінде ұрлық жасады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семейде ұлдары әкелерінде ұрлық жасады

444

Smiley face

Жақында полицияға "Ниссан"автокөлігінің жоғалғаны туралы арыз келіп түсті. Жәбірленуші далаға шығып, үйдің ауласында тұрған өз көлігін таппағанын айтты. Ер адам өз көлігін 1 200 000 теңгеге бағалаған.

"Оқиға орнына полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы келді. Олар өтініш берушіден және оқиғаның ықтимал куәгерлерінен  жауап алды. Ұрланған автокөлік белгілері бар бағдар барлық полиция нарядтарына жіберілді",-деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні ұстады . Ол өтініш берушінің бұрын сотты болған 38 жастағы ұлы болып шықты.

Келесі күні басқа адам полицияға жүгінді. Оның құны 300 000 теңге болатын теледидар жоғалды.  Полиция қызметкерлері барлық ықтимал куәгерлерден қайтадан жауап алып, ұрлық жасауға жәбірленушінің ұлы ғана қатысы болуы мүмкін екенін анықтады.

"Күдікті ретінде бұрын сотты болған 30 жастағы жұмыссыз азамат ұсталды. Ол теледидарды ломбардқа тапсырғанын, ал алған ақшаны жеке қажеттіліктерге жұмсағанын айтты",-деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ұлдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Көзі: yunews.kz