Арыс қаласындағы 1469 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арыс қаласындағы 1469 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді

444

Smiley face
Фото: МИИР РК

Бір тәулік ішінде Құрылысшылар Арыс қаласында тағы да 109 тұрғын үйді тапсырды. Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметтері бойынша, қалпына келтірілген үйлердің саны 18 шілдеге дейін 1469-ға жетті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Арыс тұрғын үй қорын қалпына келтіруде елдің 17 өңірі мен Республикалық маңызы бар қалалардың 207 құрылыс компаниялары жұмылдырылған. Бұл шамамен 6868 жұмысшы және 265 арнайы техника.
Айта кетейік, әскери полигонда болған оқиғадан кейін Арыс қаласындағы барлық үйлердің 85%-і бүлінгені анықталды. ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, күн сайын қалпына келтіру жұмыстарымен 100-ден 250-ге дейін үй қамтылады. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс. 


Көзі: yunews.kz