Егер темір жол билеттері сатылымда болмаса, не істеу керек? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Егер темір жол билеттері сатылымда болмаса, не істеу керек?

444

Smiley face

Соңғы уақытта "Жолаушылар тасымалдау" АҚ атына 45 тәулік ішінде 24.00 сағаттан кейін жолаушылар пойызына жол жүру билеттерінің жоқтығы туралы азаматтардың өтініштері жиілеп кетті.

"Жолаушылар тасымалдау" АҚ ресми хабарлама жариялады.

"Жол жүру билеттерін алдын ала сату жолаушылар поезына 45 тәулік ішінде таңғы 07.00 – де, қала маңындағы поездарға 10 тәуліктен 1 тәулікке дейін жүзеге асырылады. Сайтта электрондық жол жүру билеттерін ресімдеу EPAY.RAILWAYS.KZ жүйенің технологиялық үзілісі кезінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 4 с. 50 мин. бастап 5 с. 50 мин. дейін жүргізілмейді", - делінген хабарламада.

"Жолаушылар тасымалдау "АҚ жолаушыларға ұлттық тасымалдаушының барлық билет кассаларында қолжетімді" күту парағы " жаңа қызметін пайдалануды ұсынады.

"Билет болмаған жағдайда жолаушы өтінімді толтырып, бос орын пайда болған жағдайда өтініш беруші электрондық поштаға растау алады, сондай - ақ компанияның кез келген кассасы арқылы 2 сағат ішінде қажетті жол жүру құжатын сатып алуға басым мүмкіндік алады", - деп түсіндірді ведомстводан.

Болашақта "күту парағы" қызметін электронды билеттерді сату сайттарына тарату жоспарланып отыр, деп хабарлайды ведомство.

Ұлттық тасымалдаушы билеттерді сатып алу кезінде бөгде адамдардың күмәнді қызметтерін пайдаланбауға, ал билеттерді заңсыз сату фактілері анықталған жағдайда белсенді азаматтық ұстаным танытуға және қызметкерлері тұрақты негізде вокзалдарда орналасқан ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің желілік полиция бөлімдеріне жүгінуге шақырады.


Көзі: yunews.kz