Маңғыстау облысында Ислам мемлекеті сарбазы сегіз жылға сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстау облысында Ислам мемлекеті сарбазы сегіз жылға сотталды

444

Smiley face

Ақтау қалалық соты Сириядағы ұрыс қимылдарына қатысқаны үшін Сайын Шапағатов ауылының тұрғынына үкім шығарды. Іс материалдары бойынша сотталушы 2003 жылдан бері исламды уағыздап, мешітке барып, намаз оқып келген. 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап 2015 жылдың тамыз айына дейін өзінің діни танымдарын кеңейту үшін әртүрлі теолог дәрістері бар ғаламторда орналастырылған бейнероликтерді өз бетінше көре бастаған.

«Усама бен Ладен, Саид Бурятский, Доку Умаров секілді радикалды діни идеологтардың сөздеріне қызығып, Ислам дінін күштеп енгізуді насихаттайтын, сондай-ақ Интернет желісіндегі түрлі сайттарда қаралған экстремистік материалдардың әсерінен сотталушы радикалды идеологияға еніп, «Қарулы джихад» тұжырымдамасын ұстанатын Исламның дәстүрлі емес бағытын мойындай бастаған. Осыдан кейін ол «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының қатарына кірді», деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.            

2015 жылдың шілде айында сотталушы исламды жақтаушы және Түркия мен Сирияның мемлекеттік шекараларының қиылысында рекруттарға көмек көрсететін Омар деген біреумен байланысқа шығады. Осыдан кейін ол өз жұбайына шетел төлқұжаттарын ресімдеп, көлігін 11 мың АҚШ долларына сатқан. Содан кейін Сирияға Түркия арқылы шығып кеткен.

2017 жылдың қаңтар айында Ресей Федерациясынан келген басқа да жаңа сарбаз-содырлармен бірге «Ислам мемлекеті» мүшелерінің нұсқауы бойынша Ханшейхун қаласына барған. Онда содырлардың оқу-жаттығу лагері орналасқан. Бұл жерде ол әскери және физикалық дайындықтан және идеологиялық даярлықтың (шариғат даярлығының) терең курсынан өткен.

Сотталушы «Джебхат ан-Нусра» әскерлері тарапынан болған жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан. Бұл ретте оның міндеті шекара арқылы өтуге және шабуылшы тараптың позициясы бойынша оқ атуды қалайтын жаяу жауынгерлерді қадағалау және жою болған.           

Лаңкестікке қатысқаны үшін оған ай сайын 150 АҚШ доллары көлемінде жалақы төлеген. Бұдан басқа, оған және оның отбасына азық-түлік беріліп, тұрғын үймен және киіммен қамтамасыз етілген.

2017 жылдың тамыз айында ол Қазақстан Республикасына оралу туралы шешім қабылдаған. 2018 жылдың сәуір айында тұрғындар арқылы ол жолсеріктерді тауып алады. Алайда, одан әрі қайтып оралуға ақшасы болмайды. Нәтижесінде жолсеріктер оны курд құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырған. Сотталушы өз отбасымен бірге 9 ай бойы күрдтердің тұтқынында болды және тек 2019 жылы 6 қаңтарда ғана Қазақстанның құзыретті органдары оларды Отанына қайтарды.

Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігі бойынша айыпты деп танып, сегіз жылға бас бостандығынан айырды.


Көзі: Yunews.kz