Қазақстанда аргентиналық агротехнологиялар енгізіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда аргентиналық агротехнологиялар енгізіледі

444

Smiley face

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Аргентинаның ауыл шаруашылығы технологиясы ұлттық институты арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Жаңа агротехнологияларды пайдалану есебінен Аргентина соңғы 10 жылда елдегі астық өнімінің көлемін 2 есеге дейін арттырып, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын елдің барлық экспортының 55% -ға дейін жеткізді. Бұл Аргентина Үкіметіне АӨК-ін тікелей субсидиялаудан мемлекеттік қолдау шараларына көшуге мүмкіндік берді. Елде аграрлық бизнесті ғылыми қолдау, фермерлерді оқыту, консультациялар беру жолға қойылған.

Кездесу барысында тараптар өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуды ғылыми-техникалық қолдау, фермерлік шаруашылықтарды дамытуды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету, инновациялық технологияларды енгізу кезінде тәжірибе алмасу, ветеринария және тағы басқа салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Аргентина бүгінгі күні әлемнің дамыған аграрлық елдерінің қатарына кіреді және азық-түлік пен агроөнеркәсіптік тауарлардың әлемдік өндірушісі болып табылады. Халық саны 40 млн адам болатын Аргентина 400 млн адам үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді, яғни әрбір аргентиналық адам ғаламшардың 10 адамын тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді.


Көзі: Yunews.kz