«Би алаңындағымен билеуге тура келеді» - Нидерландының Премьер-Министрі Трамп туралы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Би алаңындағымен билеуге тура келеді» - Нидерландының Премьер-Министрі Трамп туралы

444

Smiley face

Нидерланды Премьер-министрі Марк Рютте Вашингтонда Атлантикалық кеңесте «Қызық Президент» Дональд Трамп туралы айтып, күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды РИА Новости.

«Мен АҚШ Президенті кім болатынын таңдамаймын: би алаңындағымен билеуге тура келеді. Менің ойымша, Трампта Президенттік көп қызықты аспектілер бар. Және олардың бірі - ол...» - бұл жерде Рентте көп мағыналы  үзіліс жасап, залдағы қатысушыларды күлдірді.

«...БҰҰ, ДСҰ және тағы басқа халықаралық жүйелердің кейбір аспектілеріне күмән келтіретіні қызық», - деп қорытты ол ойын.

Рюттенің айтуынша, мұндай скептицизмді сын айту үшін емес, осы институттарды реформалау үшін пайдалану керек.


Көзі: Yunews.kz