Пәтер алаяғы қарағандылықтарды 12 млн теңгеге алдады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Пәтер алаяғы қарағандылықтарды 12 млн теңгеге алдады

444

Smiley face

«Қарағандыда 12 млн теңгеден астам сомаға 12 адамды алдаған алаяқ ұсталды. 16 шілдеде Қарағанды қаласының Орталық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны жүгінді: белгісіз біреу «45 квартал» аялдамасында пәтер сату сылтауымен алдау жолымен оның 2 млн.теңге ақшасын жымқырып кеткен. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша күдікті ұсталды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері оның тағы да 11 қылмысқа қатысы бар екені анықтады», деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Көзі: Yunews.kz