«Славян базары» жеңімпазы Әділхан Макин туған жерінде болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Славян базары» жеңімпазы Әділхан Макин туған жерінде болды

444

Smiley face

Әділхан Мақин М. Жұмабаев ауданында туған. Жас кезінен әртүрлі көркемөнерпаздар байқауларына, фестивальдар мен байқауларға қатысты. Мектепті бітіргеннен кейін Петропавлда өнер колледжінде оқыды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов халықаралық байқаудың Гран-при иегері және үлкен үміт артатын дарынды орындаушымен кездесті.

«Әділханның жеңісі біздің облысымыздың шығармашылық тұлғаларға бай екенін тағы да дәлелдейді.  Біздің жер – көптеген танымал әншілер мен актерлердің отаны. Ермек Серкебаев, Самал Еслямова, өңір спортшылары мақтанышымыз болып табылады. Өткен жылы біз Канн фестивалінде жарқын жеңіске қол жеткізген Самал Еслямованың табысына қуандық. Біздің шығармашылық жастарымыз өздерінің талантты, табысты жерлестерінің тәжірибесіне сүйене отырып, өз жолын табатынына сенімдімін. Әділханның жоғары марапаты – өңір жастарына үлгі-өнеге», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Құмар Ақсақалов әншіге Құрмет грамотасы мен 500 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат табыс етті. Әділхан Макин жерлестеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

«Байқау 15 шілдеде аяқталды. Туған жерімде осы жеңісімнен кейін өзінің алғашқы тәлімгерлерімді, туыстарымды, жерлестерімді көруге қуаныштымын. Алдағы уақытта үлкен жұмыс жоспарларым бар. Ән жазу, клиптер жасау, репертуармен жұмыс істеу – олардың бір парасы ғана. Әрине, туған Қазақстанды әлемдік сахнаға тағы да таныстыруды жоспарлап отырмын», - деді Әділхан.

«Славян базары» байқауында Әділхан Макин 20 000 долларға ие болды. Ол өз жеңісін анасына сыйға беруді шешкен.


Көзі: Yunews.kz