"Қазақтану" пәнін еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде енгізу ұсынылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"Қазақтану" пәнін еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде енгізу ұсынылды

444

Smiley face
Фото: акимат г. Нур-Султан

Қалалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен "Қазақтану"-ел бірлігінің негізі " атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция болып өтті. Бұл туралы  Нұр –Сұлтан қаласының ресми интернет-ресурс  хабарлады.

Конференция жұмысын қазақ ойшылының 175 жылдығына арналған Ұлы Абайдың шығармаларын орындау бойынша челлендж өткізілді. Елордалық этномәдени бірлестіктер "Көзімніңқарасы" әнін орындап, эстафетаны Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясына тапсырды.

Конференцияны аша отырып, Бахтияр Мәкен "Қазақтану" жобасының басты міндеттерінің бірі – жалпы мәдени код, бірыңғай құндылықтар және барлық қазақстандықтардың этникалық қатыстылығына қарамастан тарихи санасы негізінде халық бірлігін нығайту екенін атап өтті.

"Жобаның тағы бір міндеті - өзара іс-қимыл саласын кеңейту және этностар коммуникациясының жаңа арналарын жандандыру, аға ұрпақ тәжірибесі мен қазақ өмірінің философиясының ғасырында қалыптасқан тәжірибесі, толеранттылық пен өзара көмек көрсету, ортақ тарихымыз негізінде бірлікті нығайту", - деп толықтырды ол.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 26–шы сессиясында Елбасы көтерген "Қазақтану" ҚХА жобасы "Рухани жаңғыру" идеясын дамытып, Қазақстан этностары арасында қазақ халқының мәдениетін, тарихын, философиясын, құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша Резолюция қабылданды. Іс-шараға қатысушылар ЖОО-да "Қазақтану" пәнін енгізу, ҚХА мектептері мен этнолингвистикалық орталықтарында үйірмелер ашу, этностарды Қазақ қолөнері мен кәсіпшіліктеріне оқыту бойынша Достық үйлері жанындағы шеберлік-сыныптар мен курстар туралы ұсыныстар енгізді. 


Көзі: yunews.kz