Ташкенттегі шекаралық кездесу - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ташкенттегі шекаралық кездесу

444

Smiley face

Фото: пресс-служба Генеральной прокуратуры

А.ж. 17 шілдеде Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның бас прокуратуралары өкілдері арасында кезекті шекаралық кездесу өтті.

Қазақстан делегациясын Бас Прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов басқарды.

Келіссөздер барысында заңсыз көші-қон, өзара құқықтық көмек көрсету және сотталған азаматтарды беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

«Екі елдің өзара қарым-қатынасы жылдан жылға тұрақты түрде нығаюда. Бүгінде оларды «ашық шекаралар мен мүмкіндіктер қатынасы» деп сенімді атауға болады», - деді Берік Асылов.

Өз кезегінде Өзбекстанның Бас Прокуроры Нигматилла Йулдошев ведомствоаралық ынтымақтастықты дамытудың оң қарқынын және сотталғандарды беру туралы шартты дайындаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, қазақстандық делегация Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасы Академиясы мен Ташкент қалалық ішкі істер басқармасының жұмысымен танысты.

Кездесу соңында тараптар қорытынды жасап, тиісті хаттамаға қол қойды.

 


Көзі: yunews.kz