Ерлан Қошанов Жезқазған-Сәтпаев тас жолындақауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ерлан Қошанов Жезқазған-Сәтпаев тас жолындақауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды

444

Smiley face

Фото: YouTube

 

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Жезқазғанжолының учаскесіндегі жөндеу жұмыстарының барысыментанысты. Оларды 2020 жылдың қазан айында толық аяқтаужоспарлануда. Бірақ өңір басшысы қазірден бастап көлікжүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. 
- Қыркүйек айына қарай, мүмкін болған бетте, жолдыбөлетін белгілер мен жолақтар орнатыңыздар. Жазбасталғаннан бері осы бөлікте көптеген апаттар орын алды, соның ішінде өліммен аяқталғандары да бар. Бұл жол «өлімжолына» айналып барады. Жағдайды түзету керек, - деді ол. 
Мердігерлер болса, өз кезегінде тапсырманы қысқамерзімде орындауға уәде берді. 
Қазіргі таңда жөнделетін учаскеде 20 адам және 19 бірліктехника, оның ішінде каток, автогрейдерлер, асфальт төсегіштер жұмыс істейді. 
Осы жылдың соңына дейін мердігер компания жол төсемінасфальтбетонмен тегістеп, жол жабынын жайластыру жәнежол жиегін 10 сантиметр қиыршықтас қабатымен нығайтукерек. 
Келесі жылы жоспар бойынша Жезқазған мен Сәтпаевтыңарасында қырлы тас төселген жайлы аялдама павильоны, жиек тастар, трасса бойындағы металл қоршаулар мен көшешамдары пайда болуы тиіс.


Көзі: yunews.kz