Еурокубоктардың қарымта матчтары - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Еурокубоктардың қарымта матчтары

444

Smiley face

17-18 шілдеде Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының біліктілік раундтарының қарымта матчтары өтті.

Румынияда Чемпиондар Лигасының іріктеу раундында «ЧФР Клуж» : «Астана» командалары арасындағы матч өтті.

Нұр-Сұлтандағы алғашқы матч «Астананың» пайдасына 2:1 есебімен аяқталған. Алайда, жауап кездесуінде румындық футболшылар жеңіске жетіп, Чемпиондар Лигасының келесі іріктеу кезеңіне шыға алды. Ойын 3:1 (4:3) есебімен аяқталды.

Ойынның алғашқы минуттарынан бастап ойын жоғары қарқын алып, 4 минутта «Астана» командасының ойыншысы Роман Муртазаев гол салды. 26 минутта «Астананың» қорғаушысы Евгений Постниковтың рикошеті «Астана» қақпасына гол әкелді.

Бірінші таймның соңында «ЧФР Клуж»  «Астананың» қақпасына тағы да гол салды. Алайда, офсайд болғандықтан есептелмеді.

Екінші тайм алма кезек шабуылдармен өтті. Командалар қауіпті сәттермен алмасып, 73 минутта екінші голды Билель Омрани соқты . Астаналықтар тырысқанымен гол сала алмады.

«Астана» енді Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде ойнайды.

Еуропа Лигасының қарымта матчтары:

«Тобыл» : «Женесс».

Алғашқы минуттардан бастап «Женесс» бастаманы қолға алып, «Тобылдың» қақпасын торуылдай бастады.Содан кейін  «Тобыл» бастаманы басып, ойынды өз қақпасынан ығыстырды. 22 минутта алаң иелері айып добын теуіп, қонақтардың қорғаушысы Халим-Меди Маддурп өз қақпасына гол салып алды.

Екінші таймның басында «Женесс» есепті теңестірді. 59 минутта пенальтиден Мехмет Арслан гол салды. Қорытынды есеп 1:1. «Женесс» қонақта соққан гол есебінен келесі турға өтті. Ал «Тобыл» еурокубоктағы өз өнерін аяқтады.

 

«Қайрат» : «Широки Бриег».

Ойын өте қызықты өтті, командалар алма кезек шабуылға шығып тұрды. Алайда, бірінші таймда гол соғылмады.

Екінші тайм «Қайраттың» шабуылымен басталды. 90 минутта «Қайраттың» қақпасына пенальти тағайындалды. «Қайрат» өзінің мінезін көрсетіп, қосымша 5 минут уақытта екі гол салып, жеңісті жұлып алды. Жас ойыншы Рамазан Оразов пен тәжірибелі шабуылшы Исламбек Қуат командаға жеңіс әкелген голдар салды.

«Торпедо» : «Ордабасы»

Кездесу Тбилисидегі Михаил Месхи атындағы стадионда өтті және қонақтар пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.

82 минутта «Ордабасы» жартылай қорғаушысы Мирзад Миханович бірінші голды соқты, ал 94 минутта Зиги Бадибанга көзге түсті. 1:0 есебімен «Ордабасы» пайдасына аяқталған бірінші кездесуді ескере отырып, «Ордабасы» пайдасына екі кездесу 3:0 есебімен аяқталды.


Көзі: yunews.kz