Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасарының соты басталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасарының соты басталды

444

Smiley face

Ақтау қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Серік Аманғалиевке қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігі бойынша істі қарау басталды.

Шенеунік өткен жылдың қараша айында Ақтау әуежайында қолға түсті. Одан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро қызметкерлері 115 мың евро тауып, тәркіледі. Сот санкциясымен оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Бүгінгі күнде осы іс бойынша Серік Аманғалиевтің көмекшісі, Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бекмұрат Жүсіпов, сондай-ақ Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Нұрбек Қарабалаев өтуде.

Отырыс кезінде судья куәлардың барлық айғақтарын тыңдады. Алайда, Нұрбек Қарабалаев Ақтаудағы Мұз сарайы құрылысының жобасын қаржыландыруға қатысты судья қойған сұрақтарға нақты жауап бере алмады. Сондықтан судья процесті кейінге қалдырып, куәға жауап беру үшін дайындалуға уақыт берді.


Көзі: yunews.kz