Нұр-Сұлтан қаласында 1-2 тамызда Сирия бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу өтеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтан қаласында 1-2 тамызда Сирия бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу өтеді

444

Smiley face

 

2019 жылдың 1-2 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 13-ші Халықаралық кездесу өтеді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Оған кепіл елдер – Иран, Ресей және Түркия, Сирия үкіметі және Сирия қарулы оппозициясы делегацияларының қатысуы жоспарлануда. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, сондай-ақ Астана келіссөздер процесіне алғаш рет қатысатын Ливан мен Ирактың жоғары өкілдері жәрдемдесетін болады.

Алдағы кездесу барысында Сириядағы, атап айтқанда, Идлиб провинциясы мен елдің солтүстік-шығысындағы ағымдағы жағдайды талқылауға, қарсы күресуші тараптар арасындағы сенімді нығайту және конституциялық комитетті қалыптастыру мен іске қосу мәселелерін қоса алғанда, саяси процесті ілгерілету жөніндегі одан арғы шараларға баса назар аударылатын болады.

1 тамызда екі жақты және көп жақты алдын ала консультациялар, оның ішінде Үкімет пен Сирияның оппозициялық топтары өкілдерінің қатысуымен 2 тамызда пленарлық отырыс өтеді.


Көзі: yunews.kz