Қазақстанда абаттандырылған жол бойындағы дәретханалар салынады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда абаттандырылған жол бойындағы дәретханалар салынады

444

Smiley face

Қазіргі уақытта Қазақстанның автожолдары бойында жол бойындағы сервистің 1819 нысаны жұмыс істейді, оларда тек 850 объектіде ғана абаттандырылған дәретханалар бар. Бұдан басқа, 880 суық дәретхана бар.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Бизнесті дамыту және стратегиялық жоспарлауды ақпараттандыру департаментінің директоры Рустам Исаев бұл мәселені шешу үшін 7 жылға дейінгі мерзімге жайлы жылы дәретханаларды орнатуға және ұстауға инвестициялық конкурс жарияланатынын мәлімдеді.

«24/7 режимінде жабдықталған дәретханалардың тазалығы мен жұмысына толық жауап беруге дайын мүдделі инвесторлар бар. Инвесторлармен халық бақылауы мен абаттандырылған дәретхананы дұрыс пайдаланбау кезіндегі айыппұлдар мәселелері талқыланды», - деді Исаев.

2019-2021 жылы 304 санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату орындары анықталды.

Сондай-ақ Рустам Исаев абаттандырылған дәретханалардың және жол бойындағы сервистің басқа да қызметтерінің болуы туралы ақпарат Android және iOS қосымшаларының дүкендерінде қолжетімді «KazWay» мобильдік қосымшасында бар екенін хабарлады.

Сол сияқты жол бойындағы сервис объектілері бойынша ақпарат Heremaps, Яндекс карталары, TransPark және Googlemaps карталарына енгізілген. Зияткерлік көлік жүйесін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz