Ұлттық парктің бас директоры алдау жолымен 500 мыңнан астам теңге алған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұлттық парктің бас директоры алдау жолымен 500 мыңнан астам теңге алған

444

Smiley face

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық паркі» РММ бас директоры алаяқтық жасады деп күдіктенуде. «Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жоғары тұрған басшыға ақшаны беру үшін өз орынбасарларынан 460 мың теңге және 800 АҚШ доллары көлемінде ақша алдап алды деген күдік бар», - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдікті өзінің кінәсін толық мойындады. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен сот шығарады.


Көзі: yunews.kz