Атырау-Құлсары тас жолында көліктің түйемен соқтығысуы салдарынан 3 адам қаза тапты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау-Құлсары тас жолында көліктің түйемен соқтығысуы салдарынан 3 адам қаза тапты

444

Smiley face
Фото: 24.kz

Түнгі апат Атырау-Құлсары тас жолында орын алды. "ВАЗ-2104" автокөлігінің жүргізушісі түйе жолды өтіп бара жатқаны байқаған жоқ. Атырау облысы полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, соқтығысу салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу).


Көзі: yunews.kz