Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз АӘК алушылар анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз АӘК алушылар анықталды

444

Smiley face

Қызылжар ауданының жұмыспен қамту орталығында ішкі бақылау барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың 1711 бұзушылығы анықталды, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мерзімінің бұзылуы, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің сақталмауы, есеп беру мәліметтерінің дәйексіздігі, мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерінің өзектілігі, өтініш үлгілерінің болмауы және тағы басқа бұзушылықтарды жою және оларды алдағы уақытта болдырмау бойынша ұсыныстар енгізілді,  деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі.

АӘК тәртібі мен мөлшеріне заңнамалық өзгерістер енгізілген сәттен бастап, Қызылжар ауданында бұл қызмет 365 отбасына көрсетілді, бұл ретте бас тарту саны 16 деректі құрады. Мемлекет есебінен заңсыз байып алуды ұйғарғандар да табылды.  Жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын 3 адам анықталды, бірақ олар АӘК алған.  Бүгінгі күні пайда тапқыш кәсіпкерлер заңсыз жолмен алған  ақшаны мемлекет бюджетіне кері қайтарды.


Көзі: yunews.kz