«Денистің достары» мұз мерекесі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Денистің достары» мұз мерекесі

444

Smiley face
Фото: yunews.kz

Алматыда танымал қазақстандық спортшы Денис Тенді еске алуға арналған мұзды шоу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Оған «Денистің достары» бағдарламасында әлемдік мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздары қатысты. Мұзды шоу Дениске жол көрсетіп, бағыт сілтеген бапкерлерге құрмет көрсетуден басталды. Жанкүйерлер Фрэнк Кэрролл мен Елена Буянованы (Водорезова) құрметпен қарсы алды.

Smiley face
Фото: yunews.kz

Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаев кештің қадірлі қонақтары қатарында болды. Әлемдік мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздарын Қазақстанға шақырып, шоу ұйымдастыруды Денистің өзі бастаған болатын. Алғаш рет еліміздегі мұзды шоу 2013 жылы ұйымдастырылды. «Денис пен оның достары» деп аталатын шоу-бағдарлама қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер арасында да үлкен танымалдыққа ие болды.

Smiley face
Фото: yunews.kz

Шоуды тамашалау үшін әлемнің бірнеше мемлекетінен туристер арнайы Қазақстанға келетін. Ал шоу қатысушылары «Денис пен оның достары» жоғары деңгейде ұйымдастырылатын, мәнерлеп сырғанау әлеміндегі теңдессіз жобалардың бірі екенін алға тартады. Денис ұйымдастырған әрбір шоу қызыққа, шынайылыққа толы болатын. Ең бастысы – халықты бір арнаға тоғыстырып, Қазақстанды бірлігі жарасқан ел ретінде көрсету туралы үлкен арманы сақталды. Бүгінде оның бастаған ісі аяқсыз қалған жоқ. Чемпионды еске алу үшін биыл да жанкүйерлер мен оның достары, мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздары Алматыға жиналды.

Арнайы ұйымдастырылған іс-шараға Мао Асада, Елена Радионова, Кейтлин Вивер, Эндрю Поже, Иван Букин, Александра Степанова, Мура Такахито, Сергей Воронов, Мари Пьер Лерай, Софья Шевченко, Егор Еременко, Дабин Чой, Джереми Эббот сынды Денистің достары жиналды.

Smiley face
Smiley face
Фото: yunews.kz


Көзі: yunews.kz