Адам 15 тонналық жүк машинасын тартып, әрқайсысы 150 кг чемодандарды көтерді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Адам 15 тонналық жүк машинасын тартып, әрқайсысы 150 кг чемодандарды көтерді

444

Smiley face
Фото: Yunews.kz

Адам 15 тонналық жүк таситынына немесе 300 килограмм салмақпен жүгіре алатынына сену  қиын. Бірақ, STRONGMAN U105 Әлем Кубогының қатысушылары күштік экстримге сенбеу мүмкін еместігін дәлелдеді. 

Оңтүстік астанаға 105 келіге дейінгі жеңіл салмақта мықты атлеттер келді. Көрермендер жігіттердің 300 килограмм темірді қалай көтергенін, салмағы 150 килограмм чемоданмен серуендегенін, бөренені тартып, 17 тонна жүк көлігін тартып кеткенін өз көзімен тамашалады.

Smiley face
Фото: Yunews.kz

- Күштік экстрим - бұл тек спорт емес, адам төзімділігін тексеру, - дейді турнир ұйымдастырушыларының бірі Талап Иматалиев. - Халық бұл жарысты «Батырлар сайысы» деп атайды, олардың негізінде стандартты емес күш сынақтары жатыр. Бізде бұл спорт түрі жеті жылдан бері жақсы дамып келеді. Сондықтан, күш экстримі бойынша  Әлем Кубогын алғаш рет өткізуді бізге сеніп тапсырды.

Әлем Кубогының қатысушылары Алматыға АҚШ, Чехия, Ресей, Өзбекстан, Швеция, Франция және басқа елдерден келді. Қазақстанның туын Андрей Мельников қорғады. Ол тек үш жыл ғана күштік экстриммен айналысады, бірақ өте перспективалы спортшы.

Жарысты ұйымдастырушылар стронгмендерге әрқайсысы 150 килограммнан темір чемоданмен 30 метр серуендеуді ұсынды. Бұл тапсырманы барлығы бірдей орындай алмады.

Әсіресе, соңғы жаттығуда батырдарға 15 тонналық жүк көлігін тарту қажет болған кезде ерекше дүрлікпе тудырды. Бұл жерде арнайы техника қажет, әйтпесе, тіпті орнынан жылжыту мүмкін емес. Солай болғанымен, батырлар 15 тонналық жүк көлігін жалаң қолмен орнынан қозғап әкетті.

Smiley face
Фото: Yunews.kz


Көзі: yunews.kz