«Мен өзіме сын көзбен қараймын» - Қасым-Жомарт Тоқаев - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Мен өзіме сын көзбен қараймын» - Қасым-Жомарт Тоқаев

444

Smiley face
Фото: Facebook

Өткен жексенбіде Андрей Пивоваровтың «Президент 2.0» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет Қазақстан Президентінің сайлауына қатысу туралы ұсыныстан бас тартқанын жасырмады.

«Жасыратыны жоқ, мен, әрине, бірінші жолы бұл ұсыныстан бас тарттым. Осы тақырыпқа сөйлесулер, әрине, бір күн, бір апта, бір ай емес, тіпті бір жыл болды. Мен өз мүмкіндіктерімді өте мұқият бағаладым, Еуразияның дәл орталығында орналасқан мемлекет аумағы бойынша әлемдегі тоғызыншы мемлекет Президенті болудың аяғы қаншалықты ауыр екенін түсіндім», - деді Тоқаев фильмде.

Президент өзінің саясаткерлермен танысуы туралы әңгімеледі. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен ол бұрыннан кеңес заманынан таныс.

«Иә, мен Лавровты өте жақсы білемін. Біз онымен кеңес дәуірінен таныспыз. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында ол СІМ комсомол ұйымын өндірістен қол үзбей басқарды. Ал мен комсомол бойынша Лавров орынбасарларының бірі болдым. Біз комсомолдық оқуға бардық, футбол ойнадық», - деп есіне алады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол ақпан айында Мюнхен конференциясында Лавровтың сөз сөйлеуін тыңдауға

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы діндар болып табылатынын және мешітке баратынын айтты.

«Мен, әрине, мұсылманмын, бірақ мен бес рет намаз оқитын мұсылман емеспін. Мереке күндері мен мешітке барамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол өзінің атеист емес екенін мәлімдеді. 

«Мен Құдайға сенемін, Жаратушының бар екеніне сенемін», - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


Көзі: yunews.kz