Елімізде өткен 5 күнде 22 адам суға кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елімізде өткен 5 күнде 22 адам суға кетті

444

Smiley face
Фото: naturae.ru

Өткен бес күн ішінде (2019 жылдың 15-19 шілдесінде) еліміздің су айдындарында 22 адам көз жұмды, оның 8-і бала, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Негізінен, суға кеткендердің барлығы қатты ыстық күндері арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылған.

Бұл жағдайлар Нұр-Сұлтан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тіркелген.

Опат болудың негізгі себептері: тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда шомылу, оның ішінде мас күйінде шомылу, жүзе алмау, өз күшін жете бағаламау, балаларды су қоймаларының жанында қараусыз қалдыру.

Ата-аналардың балалардың су қоймаларына, суаратын арықтарға және каналдарға жақын болуына жауаптылығына ерекше назар аудару керек.

Шілде – шомылу маусымы ең жоғары ай. Адамдар ыстық ауа райында суға жаппай ұмтылады және жазатайым оқиғалар күн сайын орын алады. Синоптиктердің болжамынша, мұндай ыстық ауа райы шілде айының соңына дейін сақталады. Сондықтан, ересектер өз қауіпсіздігі туралы ойланып, су қоймалары мен арналардың маңында балаларды қараусыз қалдырмауы керек.


Көзі: yunews.kz