Арыс қаласында 5000-ға жуық үй қалпына келтіру жұмыстарымен қамтылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арыс қаласында 5000-ға жуық үй қалпына келтіру жұмыстарымен қамтылды

444

Smiley face

Бүгінгі таңда Арыс қаласының 1875 үйінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қала шартты түрде бөлінген 17 секторда қазір 7324 жұмысшы жұмыс істейді. Олар 4804 жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйлерді салу және жөндеу жұмыстарымен қамтыды.

Құрылысшылар ақ тер-көк тер болып аномальды ыстық жағдайында еңбек етуде. Термометр бағанасы күндіз Арыста 45 градустан төмен түспейді.    

"Жұмыс күні таңғы алтыдан басталады және сағат 13.00-ге дейін жалғасады. Содан кейін сағат 13.00-ден 16.00-ге дейін құрылысшыларға үзіліс жариялаймыз. Адамдарға демалыс береміз, өйткені аптап ыстық күннің астында жүру мүмкін емес. Құрылысшылар сағат төрт жарымдар шамасынан бастап кешке дейін жөндеу жұмыстарын жалғастыруда. Басқалай болуы мүмкін емес", - деді Қайырбек Өскенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ИИДМ вице-министрі Арыс қаласында төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен бері жұмыс істеуде. Министрлік мамандары құрылыс барысын қадағалайды. Қаланы қалпына келтіруге елдің барлық өңірлері мен Республикалық маңызы бар қалалар қатысуда.


Көзі: yunews.kz