Қазақстан Президенті Орталық коммуникациялар қызметін қайта құрды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан Президенті Орталық коммуникациялар қызметін қайта құрды

444

Smiley face
Фото: mail.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Жарлыққа сәйкес Орталық коммуникациялар қызметі тікелей Мемлекет басшысына, уәкілетті орган – Президент Әкімшілігіне бағынады. Жарлықта жазылған Директорды тағайындау немесе босату туралы шешімді Президент қабылдйды.

Штат санының құрамына 33 адам кіретін болады. Бұрынғы Орталық коммуникациялар қызметі жойылады, мұндай тапсырманы Президент Үкіметке берді.


Көзі: yunews.kz