ҮАААЖ-на құрылысына қанша жұмсалған? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҮАААЖ-на құрылысына қанша жұмсалған?

444

Smiley face

avtoradio.ru

ҮАААЖ ең ірі жобасының құны (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) 154 млрд теңгені құрады.  Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдос Көбетов мәлім етті. Келісімшарттың құны – 512 млрд теңге, деп нақтылады ол.

«Бүгінгі таңда жоба қаржылық жабу сатысында тұр. Мамыр айынан бастап белгілі бір құрылыс жұмыстары басталды. Негізінде, жоба кесте бойынша жүзеге асырылады.

«Кең жолақты Интернетке қол жеткізу» жобасы бар. Оның міндеті – халық саны 500 адамға дейін жететін елді мекендерде Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ету. Құны – 200 млрд теңге, сондай-ақ кесте бойынша жүзеге асырылады.

«Күнделік.Kz" жобасының құны – 5 млрд теңге. Республика бойынша 5 млн-ға жуық қатысушы қамтылып жатыр. Ең қызығы – жоба осы әлеуметтік алаңға қарайтын аудиторияның таргеттелген жарнамасы есебінен нарықтан тікелей қаржы табуға бағытталған.Жоба өзінің барлық шығындарын жабады», - деді басқарма төрағасы.

 


Көзі: yunews.kz