Мектепке дейінгі мекемелерге қажеттілік бар – Ұлттық экономика вице-министрі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мектепке дейінгі мекемелерге қажеттілік бар – Ұлттық экономика вице-министрі

444

Smiley faceФото: camonitor.kz

ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Мәди Такиев 1 шілдедегі жағдай бойынша 1,29 трлн теңге сомаға 565 мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарты жасалғанын хабарлады. Оның ішінде – 565 жергілікті және 9 республикалық жоба.

Жобалардың ең көп саны білім беру саласына тиесілі – 276 келісім.

114 шарт – Денсаулық сақтау саласында, 65 – ТКШ саласында және 49 – мәдениет және спорт саласына тиесілі.

«Білім беру саласында негізінен балабақшалар бар. Егер объективті қарасақ, МЖӘ тетігі арқылы төрт жыл ішінде республика бойынша дерлік мектепке дейінгі мекемелерге деген өткір қажеттілік жабылды. Бүгінде МЖӘ тетігі арқылы 29, 5 мың орындық 219 балабақша жұмыс істейді», деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

Сонымен қатар, студенттерге арналған жатақхана құрылысы бойынша жобалар жоспарланып отыр, деп хабарлады М.Такиев.

«Қарағанды облысында бір жоба, Батыс Қазақстан облысында екі жоба, Солтүстік Қазақстан облысында үш жоба бар», деп нақтылады вице - министр.


Көзі: yunews.kz