Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің басшысы пара алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің басшысы пара алды

444

Smiley face
Фото: inbusiness.kz

«Облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ басшысы, азаматтық қорғау полковнигі 1 200 АҚШ доллары көлемінде пара алды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті.

Пара алу фактісі полиция департаментінің ӨҚБ -мен бірге анықталды. Азаматтық қорғау полковнигі Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін жеке компания директорынан 1 200 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктенеді.

Тергеу әлі жалғасуда, соңғы үкім сот арқылы шығарылады.


Көзі: yunews.kz