Қазақстандық танкистер командасы 2019 жылы Мәскеу қаласында әскери халықаралық ойындар аясында өтетін "Танк биатлонына" қатысуға дайын - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық танкистер командасы 2019 жылы Мәскеу қаласында әскери халықаралық ойындар аясында өтетін "Танк биатлонына" қатысуға дайын

444

Smiley face

Қазақстан атынан әскери бөлімдер, өңірлік қолбасшылықтар мен Құрлық әскерлері деңгейінде мұқият іріктеуден өткен Қарулы Күштерінің 4 үздік танк экипажы  өнер көрсетеді. Отандық командада жеңіске жетуге үлкен мүмкіндік бар,өйткені өткен жарыстарда қазақстандық танкистер әрдайым көшбасшылар қатарына болды.

2019 жылдың 3-17 тамызы аралығында "Алабино" Мәскеу әскери полигонында 7 рет "танк биатлоны 2019"байқауы аясында танк экипаждарының халықаралық жарысы өтеді.
Конкурсқа қатысуға Әзірбайжан, Армян Республикасы, Белорус Республикасы, Венесуэлла, Вьетнам, Зимбабве, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Куба, Кувейт, Лаос, Моңғолия,  Мьянма,  Рессей, Сербия,  Сирия, Уганда, Өзбекстан, Шри-ланка, ОАР - Еуропа, Азия, Африка және Латын Америкасының 22 елінен келген командалар ресми түрде растады. Қатысушы елдердің командасы Ресей танктерінде т-72Б3, Белорусь Республикасының т-72БМЭ, ал ҚХР тур-96В жаңғыртылған танктерінде жарысатын болады.

Smiley face

Жарыстар табиғи және жасанды кедергілері бар маршрут, жауынгерлік жолдар, ату учаскелері бойынша өткізіледі және жеке жарыс, жартылай финал және "Эстафета" кезеңінің финалы кезеңдерінен тұрады. 


Көзі: yunews.kz