Ерлан Қошанов АӘК мемлекет есебінен пайда тапқысы келгендер емес, шынымен де мұқтаж жандар алуы тиіс екенін еске салды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ерлан Қошанов АӘК мемлекет есебінен пайда тапқысы келгендер емес, шынымен де мұқтаж жандар алуы тиіс екенін еске салды

444

Smiley face

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың табысын қайта тексеруді тапсырды. Қазір өңірде әлеуметтік төлемдер алу үшін өз табыстарын жасырған адамдарды анықтауға көмектесетін мобильді топ жұмысын аяқтауда. Облыста осындай отбасылар табылды.
- Аулаларды аралау нәтижелері бойынша 199 отбасы үшін АӘК төлемдерін тоқтату туралы шешім қабылданды. 17 отбасы заңсыз алынған қаражатты өз еркімен өтейді. Қазір қалғандармен учаскелік комиссиялар жұмыс істеуде. Бұлқаражат сот арқылы өндіріп алынады, - деп түсіндірдіжұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтікбағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.

Өңірде барлығы 9 355 отбасы әлеуметтік төлемдер алады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4 есеге артты. Ал бюджет қаражатының шығындары 6 есе өсті.
- Атаулы әлеуметтік көмекке шын мәнінде мұқтажадамдарға арналған нақты және айқын қолдау көрсететінтетіктерін орнату қажет. Көмек атаулы болу керек, әрқайсысымен жұмыс істелуі тиіс. Масылдыққа жол беругеболмайды! Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың кезкелген фактілері үшін қатаң жазаланатын болады. Қалалармен аудандардың әкімдері ол үшін жауапты болады. АӘК есептеу заңдылығын жеке бақылауға алу керек, - дептапсырды Ерлан Қошанов.


Көзі: yunews.kz