«ҚазТрансОйл» және «Транснефть» РФ аумағынан ҚР аумағына технологиялық мұнайды ығыстырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«ҚазТрансОйл» және «Транснефть» РФ аумағынан ҚР аумағына технологиялық мұнайды ығыстырды

444

Smiley face

2019 жылғы 21 шілдеде «ҚазТрансОйл» АҚ тиесілі және Ресей Федерациясының аумағында «Омбы-Павлодар» магистральдық мұнай құбырында болған 141 728 тонна технологиялық мұнайды қайтару жұмыстары аяқталды.  Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті хабарлады.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Ресей Федерациясының Энергетика министрі Александр Новак қол қойған Технологиялық мұнай мәртебесін анықтау туралы келісім Келісімді Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы 2018 жылы ратификациялаған.

Келісімнің шарттары бойынша 62 048 тонна көлемінде технологиялық мұнайды қайтару бойынша рәсім былайша жүргізілді:

 1) 62 048 тонна көлемінде ТОН-2 магистральдық мұнай құбырындағы мұнайға меншік құқығы «ҚазТрансОйл» АҚ-на танылды;

 2) «Омбы – Павлодар» магистральдық мұнай құбырындағы мұнайдың бір бөлігіне меншік құқығының орнына 62 048 тонна көлемінде «Транснефть» АҚ-на танылды.

Технологиялық мұнайдың қалған көлемі 79 680 тонна, «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Транснефть» АҚ РФ аумағынан ҚР аумағына 2019 жылғы 10-21 шілде аралығында партиялармен ығыстырылды. Нәтижесінде «ҚазТрансОйл» АҚ Технологиялық мұнайының барлық көлемі «Транснефть» АҚ мұнай құбырлары жүйесінде болған 141 728 тонна «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбырлары жүйесіне қайтарылды.

«ҚазТрансОйл» және «Транснефть» компаниялары 10 жылдан астам уақытқа созылған жұмысты аяқтады. Мұнайды ығыстыру жөніндегі жұмыстардың аяқталуы «ҚазТрансОйл» АҚ заңды негізде құқығы бұрын даулы болған 141 728 тонна мұнайдың меншік иесі болуға мүмкіндік берді. Бұл мұнайды біздің компания мұнай тасымалдаудың технологиялық процесінде пайдаланатын болады», - деп атап өтті «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Димаш Досанов.


Көзі: yunews.kz