Нұр-Сұлтанда Жедел медициналық көмек бригадалары мен стационарлардағы қабылдау бөлімшелерінің республикалық IV байқауы басталды. Байқау 22 -23 шілде аралығында өтеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтанда Жедел медициналық көмек бригадалары мен стационарлардағы қабылдау бөлімшелерінің республикалық IV байқауы басталды. Байқау 22 -23 шілде аралығында өтеді

444

Smiley face

 Мақсаты - науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсететін мамандардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, жедел медициналық көмекті ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру.

Қатысушылар жедел көмек көрсету бойынша клиникалық станциялардан өтеді. Әр тапсырмаға арнайы клиникалық станция дайындалған. Мамандар манекен және стандартталған пациенттерді пайдалана отырып, адамға шұғыл көмек қажет болған жағдайда қалай әрекет ететінін көрсетеді. Ал қазылар алқасы мен емтихан алушылар жедел медициналық көмек бригадаларының және стационарлардағы қабылдау бөлімшелерінің жұмысын бағалайды.

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық ұйымдардың өкілдері, Италия мен Германиядан келген халықаралық сарапшылар қатысады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов конкурсты ресми ашты.

Smiley face


Көзі: yunews.kz